09 қазан күні Қазақстан қор биржасында "AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ KZP02Y07D885 (KZ2C00002418, LARIb3) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандарндырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі

01.10.13 17:38
/KASE, 01.10.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: KASE сауда-саттық жүйесінде 2013 жылдың 09 қазанында "AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ (Алматы) KZP02Y07D885 (KZ2C00002418; KASE ресми тізімі, "рейтингтік бағалауы бар бағалы қағаздар" секторы, LARIb3; 1 тенге, 10,0 млрд тенге; 30.09.13 – 30.09.20, жарты жылдық купон 8,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Еуразиялық даму банкінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен 2012 жылдың 11 желтоқсанында 150,0 млрд теңге сомасына тіркеген, бірінші облигациялық бағдарламасының бірінші шығарылымы болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы "АСЫЛ- ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) болады. Орналастырудың жарияланған көлемі KZP02Y07D885 облигациясының (жарияланған облигациялардың жалпы көлемінен 37,5 %) 5 000 000 000 данасын құрайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – LARIb3. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 16:00- ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамындағы корреспондеттік есеп-шотында 16:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, нарықтық және шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі екінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы белгіленуі тиіс. Өтінімде көрсетілетін қаржы құралдарының саны данамен көрсетілген облигациялар саны белгіленуі тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына көбейтіндісі (жинақтанлған сыйақысымен қосып) көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, Облигацияның кірістілігін және мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы ақпарат http://www.kase.kz/ru/bonds/show/LARIb3 мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-10-01]