"Майкубен Вест Холдинг" АҚ (Қазақстан) KZ1C59530010 (KZ1C00000991, MAIK) жай акциялары 01 қазаннан бастап KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді

01.10.13 14:21
/KASE, 01.10.13/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 26 қыркүйектегі шешімімен "Майкубен Вест Холдинг" АҚ KZ1C59530010 (ISIN – KZ1C00000991) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағындағы шарттарды орындауына байланысты, 2013 жылдың 01 қазанынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш жай акциялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады Caspian Services, Inc қаржылық кеңесшісі "Қазақстанның халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш жай акцияларға MAIK қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді Осы акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/maik мекен-жайы бойынша жарияланды. [2013-10-01]