"Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) 27 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында өзінің 39,9 млн KZP01Y15D253 (KZ2C00001215, EUBNb11) облигациясын жылдық 8,00% орналастырды

27.09.13 18:08
/KASE, 27.09.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) KZP01Y15D253 (KZ2C00001215, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, EUBNb11, 100 тенге, 10,0 млрд тенге; 26.12.12 – 26.12.19, жарты жылдық купон 8,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа "Евразийский Капитал" АҚ (Алматы) қатысты. Эмитент сауда-саттықта 39 900 000 облигациясын KZP01Y15D252 орналастыруды жоспарлаған (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санының 39,9 %). Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша немесе сатушыға ұтымдырақ болып табылатын өтінім бағасымен. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты, олар 39 920 000 облигация сатып алуға үш өтінім берді. Берілген барлық өтінімдер қабылдау кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 100,1 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 97,5939 % (жылдық 8,50 %) және 98,5399 % (жылдық 8,00 %) тең болды, орташа сараланған бағамы 99,9794 % (сатып алушы үшін өтеуі жылдық 8,0002 %) құрады. Белсенді өтінімдердің зейнетақы нарғы субъектілеріне 99,94 %, брокерлік- дилерлік компаниялардың үлесінде – 0,03 %, брокерлік-дилерлік компаниялардың клиенттерінің үлесінде – ,03 % болды. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент кесімді бағаны 99,9804 %, деңгейде бекітті, сатып алушы үшін облигацияны өтеу табыстылығына 8,00% көлемінде сәйкес келеді, және брокерлік-дилерлік компанияның бір белсенді өтінімін қанағаттандырды. Тартылған сома 4 069 904 626,67 теңгені құрады. [2013-09-27]