"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ әкімшіліктік жауапқа тартылғаны туралы хабарлады

27.09.13 16:01
/KASE, 27.09.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), биржаға мынадай мазмұндағы ақпараттық хабарлама жолдады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің әкімшілік шара қолдану туралы 2013 жылдың 05 қыркүйегіндегі қаулысымен "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары А.С.Смағұлов Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 172 бабының 2-ші бөлімі бойынша, банктің жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін мақсатты орналастыруға бақылау жасамағаны үшін жауапқа тартылды. Айыппұл мөлшері 346 200 теңге. [2013-09-27]