"Майкубен Вест Холдинг" АҚ (Қазақстан) KZ1C59530010 (KZ1C00000991, MAIK) жай акциялары үшінші санат бойынша биржада листинг процедурасынан өтті

31.07.13 17:56
/KASE, 26.09.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 26 қыркүйектегі шешімімен "Майкубен Вест Холдинг" АҚ (Алматы) KZ1C59530010 (ISIN – KZ1C00000991) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін күні туралы,аталған акцияларды шығару бастамшысы аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. KASE аталмыш акциялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы 2013 жылдың 01 тамыздағы куәлігіне сәйкес KZ1C59530010 ұлттық сәйкестендіру номері берілген "Майкубен Вест Холдинг" АҚ жарияланған акцияларының шығарылымы 151 962 жай акцияларға бөлінген. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А5953 номерімен енгізілген. "Майкубен Вест Холдинг" АҚ қаржылық кеңесшісі "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы).болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған (сауда коды) MAIK берілді. "Майкубен Вест Холдинг" АҚ негізгі қызметі - коммерциялық және инвестициялық қызметті жүзеге асыру, инвестициялық жобаларды басқару, энергетика кешенін дамыту болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE веб-сайтында жарияланады. [2013-09-26]