"Қазақстан даму банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің XS0248160102 (BRKZe4) облигациялары бойынша 15-ші купонын төлегені туралы хабарлады

23.09.13 17:19
/KASE, 23.09.13/ – "Қазақстан даму банкі" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған ресми хатында 2013 жылдың 20 қыркүйегінде өзінің XS0248160102, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BRKZe4) облигациялары бойынша 15-ші купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 2 922 480,00 теңгені құрады. [2013-09-23]