"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) Қазақстан қор биржасына "Досжан темір жолы (ДТЖ)" KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1)облигациялары бойынша сегізінші купоны бойынша берешегін жартылай төлегені туралы хабарлады

23.09.13 17:09
/KASE, 23.09.13/ – "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) Z2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштыұқ бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелген, жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 6,350 %, 30/36) инфрақұраламдық облигацияларының ұстаушысы болып табылатын "АТФБанк" АҚ (Алматы), қазақстан қор биржасына (KASE) жолдаған ресми хатында былай деп хабарлады: "АТФБанк" АҚ және "Досжан темір жолы (ДТЖ)" (бұдан әрі - Эмитент) арасында жасалған, облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін қорғау туралы 20.07.05 жылғы № 2 келісім-шарты негізінде "АТФБанк" АҚ 2013 жылдың 18 қыркүйегінде Эмитент "АТФБанк" АҚ төлеу агенті арқылы, облигациялардың барлық ұстаушыларын 8-ші купондық сыйақының 8% мөлшеріндегі, 98 096 381,20 (тоқсан сегіз миллион тоқсан алты мың үш жүз сексен бір) теңге 20 тиын көлемінде купондық сыйақының бір бөлігін төлегені туралы хабарлайды. [2013-09-23]