25 қыркүйектен бастап KASE қайталама нарық секторында "RG Brands" АҚ (Қазақстан) KZP01Y07E497 (KZ2C00002129, RGBRb7) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылады

23.09.13 15:26
/KASE, 23.09.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2013 жылдың 25 қыркүйегінен бастап KASE қайталама нарық секторында "RG Brands" АҚ (Қазақстан) KZP01Y07E497 (KZ2C00002129,) KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты; RGBRb7; 1,0 теңге, 7,0 млрд теңге; 01.07.13 – 01.07.20; жылдық 7,5 % жылдық купон, 30/360) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылады. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза емес" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "RESMI" Инвестициялық қаржы үйі" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2013 жылдың 01 шілдесінен бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/rgbr мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-09-23]