"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесі акционерлік қоғамның KZ2C0Y10D612 (KZ2C00000826, KZTKb2) облигацияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулер енгізу туралы шешім қабылдады

20.09.13 17:41
/KASE, 20.09.2013/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана) биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: 2013 жылдың 28 тамызында "Қазақтелеком" АҚ Директорлар кеңесі "Қазақтелеком" АҚ ішкі займ облигацияларының шығарылым аңдатпасының шарттарын жаңа редакцияда бекіту туралы (27.10.2009 ж. № 50 хаттама) "Қазақтелеком" АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне өзгертулер енгізу туралы" сұрағы бойынша шешім қабылдады. Аталмыш шешімге сәйкес, Қамтамасыз етілмеген, атаулы купондық облигациялардың шығарылым аңдатпасының "Облигациялардың шығарылымы туралы мәліметтер" атты 7 бөлімінің 38 тармағындағы Эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімнен бұрын кері сатып алу құқығына қатысты (жартылай немесе толық көлемде) өзгертулер енгізілді. Аталған өзгертулер ҚР Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен 04.09.2013 ж. тіркелді. [2013-09-20]