"Коммеск - Өмiр" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің Астана қаласындағы филиалын жойғаны туралы хабарлады

20.09.13 17:28
/KASE, 20.09.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Коммеск - Өмiр" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ақпараттық хабарламасында былай деп мәлімдеді: "Коммеск - Өмiр" Сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы" заңының 33 бабын орындау мақсатында, уәкілетті органға "Коммеск - Өмiр" СК" АҚ Астана қаласындағы филиалының қызметі тоқтатылды деп хабарлады. [2013-09-20]