"Матен Петролеум" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1C58290012 (KZ1C00000868, MATN) жай акциялары бойынша 2012 жылға дивиденд төлегені туралы хабарлады

18.09.13 17:59
/KASE, 18.09.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Матен Петролеум" АҚ (Алматы), 2013 жылдың 17 қыркүйегінде биржаға жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: "Матен Петролеум" АҚ ("Қоғам") 16.05.2013 ж. болып өткен Қоғам акционерлерінің Жалпы жиналысының шешіміне сәйкес, Қоғамның жай акциялары бойынша 2012 жылға төленуі тиіс дивидендінің 2 425 162 000 (екі миллиард төрт жүз жиырма бес миллион жүз алпыс екі мың) теңге сомасындағы қалған бөлігін төледі. 16.05.2013 ж. болып өткен Қоғам акционерлерінің Жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес нақты төленген дивиденд бөлігінің жалпы сомасы 7 347 402 000 (Жеті миллиард үш жүз қырық жеті миллион төрт жүз екі мың) теңгені құрады. Дивиденд қолма-қол ақашасыз акционерлердің – Қоғамның жай акцияларын ұстаушыларының банктік шоттарына ақша аудару арқылы жүзеге асырылды. [2013-09-18]