"БТА Банк" АҚ (Қазақстан) "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ мен "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ арасында болуы мүмкін мәміле туралы ақпаратқа түсінік берді

18.09.13 09:50
/KASE, 18.09.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "БТА Банк" АҚ (Алматы), биржаға 2013 жылдың 17 қыркүйегінде жолдаған баспасөз-мәлімдемесінде былай деп хабарлады: "БТА Банк" АҚ (бұдан әрі – "Банк"), өзін атамаған, Банкке қатысты-мыш, ақпарат көзінің бұқаралық ақпарат құралдарына "Самұрық-Қазына" АҚ және "Қазақстан Халық банкі" АҚ арасында болуы мүмкін мәміленің егжей- тегжейін хабарлауына түсінік беруді жөн көрді. Банк бұл мәміленің тарабы болып табылмайды, демек, тараптардың қабылдап жатқан шешімдері туралы ешқандай ақпараты жоқ. Яғни, Банктің атынан БАҚ үшін осы мәселе бойынша түсінік беруге ешкімнің өкілеттілігі жоқ. Осыға байланысты бұл мәміле туралы бірақатар БАҚ 2013 жылдың 16 қыркүйегінде жарияланған ақпаратқа сенуге болмайды. БАҚ үшін байланыстар: тел. +7(727) 266 43 22 e-mail: pr@bta.kz www.bta.kz [2013-09-18]