ҚҰБ ҚҚК "AMF Group" АҚ (Қазақстан) KZP01Y07D994 (KZ2С00001592, AKFIb3) облигацияларын 2013 жылдың 27 қаңтарынан 26 шілдесіне дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

17.09.13 17:20
/KASE, 04.09.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AMF Group" АҚ (Астана) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2013 жылдың 04 қыркүйегіндегі хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес "ҚҰБ ҚҚК "2013 жылдың 27 қаңтарынан 2013 жылдың 26 шілдесіне дейінгі кезеңде "AMF Group" АҚ бірінші облигациялық бағдарламалары аясындағы бірінші шығарылым облигацияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпараттарына сәйкес, 2013 жылдың 26 шілдесіндегі жағдай бойынша аталған облигациялардың 2 270 000 данасы орналастырылған. Аталған облигациялар KZP01Y07D994 (KZ2С00001592, AKFIb3; 1 000 тенге, 3,0 млрд тенге, 26.07.11 – 26.07.18; жылдық 7,00 % жарты жылдық купон; 30/360) KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілген. [2013-09-17]