"Матен Петролеум" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1C58290012 (KZ1C00000868, MATN) жай акциялары бойынша 2012 жылға дивиденд төлегені туралы хабарлады

17.09.13 16:29
/KASE, 17.09.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Матен Петролеум" АҚ (Алматы), биржаға 2013 жылдың 17 қыркүйегінде жолдаған баспасөз-мәлімдемесінде өзінің KZ1C58290012 (KZ1C00000868, MATN) жай акциялары бойынша 2012 жылға дивиденд төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген дивиденд көлемі 765 000 000 (жеті жүз алпыс бес миллион) теңгені құрады. [2013-09-17]