12 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында "Банк ЦентрКредит" АҚ (Қазақстан) өзінің 20,0 млрд KZP02Y10D210 (KZ2C00000586, CCBNb22) облигациясын жылдық 8,00%-бен орналастырды
12.09.13 18:27
/KASE, 12.09.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық
жүйесінде "Банк ЦентрКредит" АҚ өзінің KZP02Y10D210 (KZ2C00000586,
KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар"
санаты, CCBNb22; 1 теңге, 12,0 млрд теңге; 27.11.09 – 27.11.19; инфляция
деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360)
облигацияларын орналастыру бойынша арнайы-мамандандырылған
сауда-саттық өтті.
Аталмыш облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
2008 жылдың 18 қыркүйегінде 100,0 млрд теңге сомасына тіркеген, "Банк
ЦентрКредит" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы шегінде шығарылған
екінші шығарылымы, және аталмыш эмитенттің "ішкі" облигацияларының
22-ші шығарылымы болып табылады.
Арнайы-мамандандырылған сауда-саттықтағы сатушы ретінде "Банк
ЦентрКредит" АҚ (Алматы) болды.
Эмитент сауда-саттықта 54 911 000 KZP02Y10D210 облигациясын
(тіркелген облигациялардың жалпы санынан 45,8 %) орналастыруды
жоспарлаған.
Сауда-саттықтың заты бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін
төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген
облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде)
болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық тәсілмен Алматы
уақытымен (ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа
нарықтық және шектелімді өтінімдер қабылданды. Сатып алу туралы
өтінімдерді қанағаттандыру әдісі – кесімді баға бойынша. Есептесу
схемасы – Т+0.
Сауда-саттыққа KASE екі мүшесі қатысты, олар 20 020 000 облигацияны
сатып алуға 2 өтінім берді. Барлық өтінімдер қабылдау кезеңінінің аяқталу
сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс
ұсыныстың 37 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза бағалар" 90,8889 %
(жылдық 100,00 % ) және 100,0000 % (жылдық 7,9960 %) деңгейінде
болып, орташа сараланған мәні 99,9909 % (сатып алушы үшін өтеуге
жылдық 7,9979 %) құрады.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 99,9 % зейнетақы нарығы
субъектілерінің үлесіне, 0,1 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың
үлесінде болды.
Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент сатып алушы үшін
облигацияның өтелуіне кірістілігі жылдық 100,00 % сәйкес келетін бір
өтінімді қанағаттандырып 20 000 000 облигациясын орналастырды.
Тартылған қаражат сомасы 2 000 000 000,00 теңгені құрады.
"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша
осы ақпараттың жариялану сәтіне дейін мәміле орындалған.
Орналастырылған облигациялардың түгел көлемі. Зейнетақы нарығының
субъекті сатып алды.
[2013-09-13]