ҚҰБ ҚҚК "Golden Compass Capital" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y07E392 (KZ2C00001956, GLDCb1) облигацияларын орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

17.09.13 12:23
/KASE, 17.09.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Golden Compass Capital" АҚ (Алматы), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2013 жылдың 12 қыркүйегіндегі ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес ҚҰБ ҚҚК "Golden Compass Capital" АҚ KZ2C0Y07E392 (KZ2C00001956, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, GLDCb1; 1 теңге, 8,00 млрд. теңге, 10.01.13 – 10.01.20; жылдық 12,00 % жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларын орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті. ҚҰБ ҚҚК ескертпе хатына сәйкес аталмыш облигациялардың 2013 жылдың 10 шілдесіне 760 371 000 данасы орналастырылған. [2013-09-17]