13 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында "Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) өзінің 2,0 млрд KZP11Y05E086 (KZ2C00002095; TSBNb19) облигациясын жылдық 8,50%-бен орналастырды

13.09.13 18:37
/KASE, 13.09.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Цеснабанк" АҚ өзінің KZP11Y05E086 (KZ2C00002095, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TSBNb19; 1 теңге, 10,0 млрд теңге; 04.06.13 – 04.06.18; жылдық 8,00 % жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы-мамандандырылған сауда-саттық өтті. Аталмыш облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2011 жылдың 10 тамызында 100,0 млрд теңге сомасына тіркеген, "Цеснабанк" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасы шегінде шығарылған оныншы шығарылымы, және аталмыш эмитенттің "ішкі" облигацияларының он сегізінші шығарылымы болып табылады. Эмитент сауда-саттықта 9 750 000 000 KZP10Y03E083 облигациясын (тіркелген облигациялардың жалпы санынан 97,5 %) орналастыруды жоспарлаған. Сауда-саттықтың заты бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер ашық тәсілмен Алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру әдісі – өтінімдер бағасымен немесе сатушыға ең ұтымды болып табылатын кесімді баға бойынша. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE екі мүшесі қатысты, олар 1 991 000 000 облигацияны сатып алуға 2 өтінім берді. Барлық өтінімдер қабылдау кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 20 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза бағалар" 96,1972 % (жылдық 9,00 %) және и 98,0665 % (жылдық 8,50 %) деңгейінде болып, орташа сараланған мәні 98,0656 % (сатып алушы үшін өтеуге жылдық 8,5002 %) құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 99,5 % зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне, 0,05 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесінде болды. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент сатып алушы үшін облигацияның өтелуіне кірістілігі жылдық 8,50 % сәйкес келетін, 98,0665 % деңгейінде кесімді бағаны бекітіп, зейнетақылық нарық субъектісінің бір өтінімін қанағаттандырды да, 1 990 000 000 облигациясын орналастырды. Тартылған сома 1 995 303 350,00 теңгені құрады. [2013-09-13]