Қазақстан қор биржасында 13 қыркүйек күні болып өткен "Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) KZP10Y03E083 (KZ2C00002087; TSBNb18) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар жүзеге аспады деп жарияланды

13.09.13 19:18
/KASE, 13.09.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Цеснабанк" АҚ (Алматы) KZP10Y03E083 (KZ2C00002087, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, TSBNb18; 1 теңге, 10,0 млрд теңге; 04.06.13 – 04.06.16, жылдық 8,00 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Аталмыш облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2011 жылдың 10 тамызында 100,0 млрд теңге сомасына тіркеген, "Цеснабанк" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасы шегінде шығарылған. Арнайы-мамандандырылған сауда-саттықта сатушы ретінде "Цесна Капитал" АҚ (Астана) шығады. Эмитент сауда-саттықта 4 553 737 200 (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санынан 45,5 %) KZP10Y03E083 облигацияларын орналастыруды жоспарлаған. Сауда-саттық заты ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы қолданылады. Орналастыруға қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен Алматы уақытымен (ALT) сағат 11:30-дан 15:00- ге дейін берілді. Сауда-саттықта тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алуға өтінімдерді қанағаттандыру әдісі – кесімді бағаға тең, өтінім бағасымен, немесе сатушыға ең ұтымды бағамен. Есептесу сызбасы – Т+0. Қарсылама өтінімдер болмағандықтан, арнайы мамандандырылған сауда- саттықтар іске аспады деп мойындалып, жарияланды. [2013-09-13]