ҚҰБ ҚҚК "Bank RBK" Банкі" АҚ (Қазақстан) бірінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

16.09.13 16:28
/KASE, 16.09.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы) бірінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың тіркелген көшірмесі мен алдында берілгеннің орнына 2013 жылдың 10 қыркүйегінде берілген бавғалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті бірінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді; - аталмыш куәлік "Bank RBK" Банкі" АҚ орналасқан жеру өзгеруіне байланысты ауыстырылды; - аталған облигациялардың шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне Е46 нөмірімен енгізілді. Бірінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/INBN/inbnf4_1_izm_100913.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-09-16]