"АТФ Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы – "АТФ Финанс" АҚ "AsiaCredit Bank" акционерлік қоғамының (АзияКредит Банк) (Қазақстан) KZP01Y07D887 (KZ2C00001766, LARIb2) облигацияларын ұстаушылар өкілі қызметтерін көрсетуден бас тартқаны туралы хабарлады

16.09.13 14:42
/KASE, 16.09.13/ – "AsiaCredit Bank" акционерлік қоғамының (АзияКредит Банк) KZP01Y07D887 (KZ2C00001766; KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, LARIb2; 1 тенге, 10,0 млрд теңге; 16.07.12 – 16.07.19, жылдық 8,00 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын ұстаушылардың өкілі болып табылатын "АТФ Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы – "АТФ Финанс" АҚ (Алматы, бұдан әрі – Компания) Қазақстан қор биржасына (KASE) жолдаған ресми хабарламасында былай деп мәлімдеді: ... 22.01.2013 ж Облигациялар ұстаушшыларының мүддесін өкілдеу туралы №01-ПДО Келісім-шартына қосып жасалған №2 Қосымша келісіміне сәйкес, Компания 2013 жылдың 12 қыркүйегінен бастап "AsiaCredit Bank" АҚ (АзияКредит Банк)" қамтамасыз етілмеген облигацияларын (НИН – ZP01Y07D887) ұстаушыларының мүддесін өкілдеу функцияларын орындауды тоқтатады. [2013-09-16]