"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) өз Басқармасының құрамы өзгергені туралы хабарлады

12.09.13 16:15
/KASE, 12.09.2013/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана), биржаға жолдаған ресми хатында ""Қазақтелеком" АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне (09.09.2013 ж. № 10 хаттама) сәйкес 2013 жылдың 09 қыркүйегінен бастап "Қазақтелеком" АҚ бас ккоммерциялық директоры Абыханов Рафаэль Еламанұлы "Қазақтелеком" АҚ" Басқармасының құрамына сайланды" деп мәлімдеді. [2013-09-12]