Fitch агенттігі "Исткомтранс" ЖШС (Қазақстан) рейтингілік бағалауларын растады, болжамы "Тұрақты"

12.09.13 11:28
/Fitch Ratings, Лондон/Мәскеу, 09.09.13, Fitch Ratings ағылшын тілінен аудармасы, KASE аудармасы/ – Fitch Ratings агенттігі "Исткомтранс" ЖШС эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін ("ЖДР") шетел және ұлттық валютада "В" деңгейінде және ұлттық ұзақ мерзімді рейтингі "BB(kaz)" деңгейінде растады. Рейтингтер бойынша болжамы – "Тұрақты". Рейтингілік әрекеттердің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/news/show/1201197 KASE орыс тіліндегі жаңалығында берілген. [2013-09-12]