/KASE, 12.09.13/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы
(KASE) сауда-саттық жүйесінде "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы)
KZP02Y10D210 (KZ2C00000586, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы
бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, CCBNb22; 100 теңге, 12,0 млрд
теңге; 27.11.09 – 27.11.19, жылдық 8,00 % индекстелген жарты жылдық
купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы " Банк
ЦентрКредит" АҚ (Алматы) болады.
Орналастырудың жарияланған көлемі KZP01Y05D210
облигациясының (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының
жалпы көлемі 45,8 %) 54 911 000 данасын құрайды
Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде
Debts_List_ST1 ( Rated_ST1 тобы) секторында, Алматы уақыты (ALT)
11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы
коды – CCBNb22. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT
16:00-ге дейін анықтайды.
Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы)
ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып
алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық
бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында
16:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен
берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады.Нарықтық өтінімдерді
қанағаттандыру дәрежесі – 25 %.
Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына
дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен
көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені
есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны
данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі
ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның
"таза емес" бағасына (жинақталған сыйақыны ескере отырып)
көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған
http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf көлемі
Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер
сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі.
Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағағамен.
Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер
бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере
алады.
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған.
Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен
http://www.kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbnf9b5_2006.pdf мекен-жайы
бойынша танысуға болады.
Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида
http://www.kase.kz/ru/bonds/show/CCBNb22 мекен-жайы бойынша
жарияланған.
[2013-09-12]