"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Казахстан) "Қазақтелеком" АҚ жетекшілігімен кездесу өткені туралы хабарлады
11.09.13 17:54
/KASE, 11.09.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
(Астана), биржаға жолдаған баспасөз-мәлімдемесінде былай деп мәлімдеді:
цитата басы
2013 жылғы 11 қыркүйекте, "Самұрық-Қазына" АҚ (бұдан әрі - Қор), Қор
басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен кезекті отырысында
"Қазақтелеком" АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы І жартыжылдықтағы
есебін тыңдады. Отырысқа "Қазақтелеком" АҚ аудит жөніндегі және
тағайындаулар мен марапаттаулар жөніндегі комитет басшылары қатысты.
Жиында "Қазақтелеком" АҚ транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында
шекаралас елдердің жетекші операторларымен тікелей байланыс ошағын
орнатқаны айтылды. Бұрын мұндай байланыс Түркіменстанмен болмаған,
қазіргі уақытта "Қазақстелеком" АҚ мен "Түркіментелеком" арасындағы
желілерді салу мен байланыстыру жұмыстары аяқталды. Осының
арқасында "Қазақтелеком" АҚ Орта Азиядағы телекоммуникациялық хабқа
айналып отыр. Бүгінде коммерциялық қызметте 5 елдің 13 операторынан
құралған 16 байланыс ошағы бар. Байланыс ошақтарының жалпы
сыйымдылығы – 430 Гбит/с-тен астам.
Сонымен қатар, "Қазақтелеком" АҚ 2011-2015 жылдардағы даму жоспары
аясында, 2013 жылдың бірінші жартыжылдығы нәтижелері мен екінші
жартыжылдық жоспары талқыланды. Қызмет көрсетуден түскен жалпы
пайданың 3 пайызға артып, 91,2 млрд. теңге болғаны айтылды. Соның
ішінде, жалпы таза пайда 3,7 пайызға артып, 10,7 млрд. теңгені құраған.
"Қазақтелеком" АҚ өкілдері есепті кезеңде салынған қаржы 11,6 млрд. теңге
болғанын хабарлады. Соның ішінде, стратегиялық жоба саналатын FTTH
(Fiber to the Home) желілерін жасау барысында 1,4 млрд. теңге игерілген,
LTE/GSM/UMTS желілерін енгізуде – 2,2 млрд. теңге.
Сондай-ақ, "Қазақтелеком" АҚ акционері ретінде "Самұрық-Қазына" АҚ
күткен нәтиженің орындалуы мен "Самұрық-Қазына" АҚ 2012-2022
жылдардағы стратегиясын жүзеге асыру бойынша жыл сайынғы есеп
тыңдалды. 2013 жылғы бірінші жартыжылдықта компания алдына қойылған
міндеттер мерзімінде, толығымен орындалған.
Жиын нәтижесінде компанияға ақпараттық коммуникация нарығындағы
жетекші позицияны сақтап, Интернет желісіне кең жолақта ену қызметін
жетілдіріп, сапасын арттыру туралы тапсырма берілді.
Бұл үшін компания менеджментіне FTTH желісі құрылысы бойынша ірі
стратегиялық жобаларды өз уақытында әрі сапалы іске асырып, ел
аумағында LTE мобильді желісін енгізу қажет.
Жұртшылықпен байланыс Департаменті
"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ:
+7 (7172) 55-41-14; + 7 (777) 777 72 89
цитато соңы
[2013-09-11]