2013 жылдың 02 қазанында "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

29.08.13 17:19
/KASE, 29.08.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Өскемен, бұдан әрі – компания), 2013 жылдың 02 қазанында сағат 15:00- де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы Биржаға хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе компанияның Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы мәселе болып табылады.: Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Өскемен қ., компанияның оқу комбинатының ғимараты, 307 аудитория. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 14:00-ден басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2013 жылдың 27 қыркүйегіндегі жағдай бойынша құрастырылатын болады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2013 жылдың 03 қазанында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен аталмыш жиналыстың өтуіне он күн қалғанға дейін компанияның орналасқан жерінде танысуына болады. [2013-08-29]