ҚҰБ ҚҚК "Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) KZP03Y03C363 (KZ2C00001584, TSBNb9) облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп берушілігін бекітті

29.08.13 17:41
/KASE, 29.08.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Цеснабанк" АҚ (Астана), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2013 жылдың 22 тамызындағы хабарламасының көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес ҚҰБ ҚҚК "Цеснабанк" АҚ KZP03Y03C363 (KZ2C00001584; KASE ресми тізімі, "рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TSBNb9; 1 теңге, 6,0 млрд теңге; 12.07.11 – 12.07.14; жартыжылдық купон, жылдық 6,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру туралы есеп берушілігін бекітті; 2013 жылдың 12 шілдесіндегі жағдай бойынша компанияның 7 000 000 аталмыш облигациялары орналастырылды. [2013-08-29]