25 тамызда KASE 20 жылдығына арналған үлкен теннистен болған турнир аяқталды

26.08.13 17:35
/KASE, 26.08.2013/ – 25 тамызда Қазақстан қор биржасы (KASE) үлкен теннистен турнирдің топпен өткізілген кезеңі аяқталды. Топпен өткізілген ойындар турнирінің қорытындысы бойынша командалар келесі топтардағы орындарға ие болғаны анықталды. А ТОБЫ: 1.Альянс Банк 2.Кселл - FATTAH FINANCE 3.Halyk Finance 4.АФК – Экология 5.АСТАНА ЖЗҚ В ТОБЫ: 1.KASE 2.Казкоммерцбанк 3.Қазақстан қағазы 4.БТА United 5.Халық ЖЗҚ АТАЛҒАН топтардағы бірінші және екінші орын алған командалар арасында жартылай финалдық матчтар өткізіледі : Альянс Банк – Казкоммерцбанк; KASE – Кселл - FATTAH FINANCE. KASE жартылай финалдық матчы – Кселл-FATTAH FINANCE бүгін 26 тамызда алматы уақытымен сағат 19.00 -де басталады, мекен-жайы: Алматы қаласы, Коперник көшесі, 128, Горький атындағы ОМжДП, "Gorky Tennis Park". теннис клубы Жартылай финалдық матч Альянс Банк – Казкоммерцбанк 2013 жылдың 27 тамызында өтеді. Финалдық матч пен үшінші орынға финалдық матч 2013 жылдың 01 қыркүйегінде өтеді. Турнирді өткізу тәртібі мен шарты "Қазақстан қор биржасы" АҚ 20 жылдығына арналған үлкен теннистен турнир өткізу туралы Ережемен анықталған, онымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/kase_cup_tennis.pdf мекен- жайындатанысуға болады. [2013-08-26]