"АТФБанк" АҚ еншілес ұйымы – "АТФ Финанс" АҚ (Қазақстан) KZ2С0Y07D923 (KZ2C00000222, CAHOb1) "Қазақстан Даму банкі" АҚ халықаралық облигацияларының бес шығарылымы бойынша биржада маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты

23.08.13 10:22
/KASE, 23.08.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен "АТФБанк" АҚ еншілес ұйымы – "АТФ Финанс" АҚ 2013 жылдың 09 қыркүйегінен бастап "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамының (Астана) төмендегі халықаралық облигациялары бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін атқарудан босатылды: - XS0179958805 (KASE ресми тізімі, "рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, BRKZe2; $100,0 млн; 12.11.03 – 12.11.13, жарты жылдық купон, жылдық 7,375 %, 30/360); - XS0220743776 (KASE ресми тізімі, "рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, BRKZe3; $100,0 млн; 03.06.05 – 03.06.20, жарты жылдық купон, жылдық 6,50 %, 30/360); - XS0248160102 (KASE ресми тізімі, "рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты,, BRKZe4; $150,0 млн; 23.03.06 – 23.03.26, жарты жылдық купон, жылдық 6,00 %, 30/360); - XS0570541317, US25159XAA19 (KASE ресми тізімі, "рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, BRKZe6; $777,0 млн; 20.12.10 – 20.12.15; жарты жылдық купон, жылдық 5,50 %; 30/360); - XS0860582435, US25159XAB91 (KASE ресми тізімі, "рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, BRKZe7; $1,4 млрд; 10.12.12 – 10.12.22, жарты жылдық купон, жылдық 4,125 %, 30/360). Осы шешім KASE "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты ішкі құжатының 4 бабына сәйкес маркет-мейкердің өтініші негізінде қабылданды. [2013-08-23]