KASE "БТА Банк" АҚ еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Қазақстан) KZP02Y08B648 (KZ2C00000883, BTAIb8) облигацияларын айналым мерзімінің өтуіне байланысты KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

22.08.13 15:39
/KASE, 22.08.13/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Индекстер мен бағалы қағаздарды бағалау комитеті 2013 жылдың 22 тамызынан бастап "БТА Банк" АҚ еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) KZP04Y04C492 (KZ2C00001089; KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, BTAIb8; 100 тенге, 7,0 млрд тенге; 22.08.05 – 22.08.13; жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 7,10 %; 30/360) облигацияларын айналым мерзімінгің өтуіне байланысты KASE_BY, KASE_BP және KASE_BC индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2013 жылдың 22 тамызынан бастап KASE_BP индексін есептегенде KASE 1,0004698 тең түзету коэффициентін (К) қолданады, KASE_BC – 1,0019143, KASE_BY – 1,6820841. Аталған датаға дейін KASE_BP индексі үшін (К) 1,0004364, KASE_BC үшін – – 1,0006503 және KASE_BY үшін – 1,6820763 тең болған. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Әр атаудағы облигация бағасының индикаторлардың мәніндегі үлес салмағы он бес пайызбен шектеледі. Бұл ретте, KASE қолдануындағы құжаттарға сәйкес, тек орналастырылған және эмитентпен қайта сатып алынбаған облигациялардың көлемі есепке алынады. Шектеу жоғарыда аталған шектеу коэффициенті арқылы жүзеге асырылады. Бұдан бұрын бұл тақырып бойынша 22 тамыздан бастап "БТА Банк" АҚ еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Қазақстан) KZP02Y08B648 (KZ2C00000883, BTAIb8) облигациялары айналым мерзімінің өтуіне байланысты KASE ресми тізімінен шығарылады" атты KASE жаңалығы http://www.kase.kz/ru/news/show/1199684 мекен-жайы бойынша жарияланды. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-08-22]