"БТА Банк" Аеншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Қазақстан) KZP02Y08B648 (KZ2C00000883, BTAIb8) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

22.08.13 10:38
/KASE, 22.08.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 22 тамызынан бастап "БТА Банк" Аеншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) KZP02Y08B648 (KZ2C00000883, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb8; 100 теңге, 7,0 млрд теңге; 22.08.05 – 22.08.13; инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларының айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2005 жылдың 22 тамызынан бастап енгізіліп, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасына, ал 2010 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2005 жылдың 23 қтамызында ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 6,17 және 70,00% аралығында құбылды. 2012 жылы KASE аталмыш облигациялары жасалған мәмілелер көлемі бойынша мемлекеттік емес бағалы қағаздардың сауда-саттығы рейтингінде 57-ші орында (тиісті нарық айналымынан 0,40 %) және корпоративтік облигациялардың балама рейтингінде 46-шы орында болды (0,70 %). [2013-08-22]