2013 жылдың 20 қыркүйегінде "Атамекен-Агро" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады

21.08.13 13:04
/KASE, 21.08.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау, бұдан әрі – компания), 2013 жылдың 20 қыркүйегінде сағат 12:00 компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - Компанияның Директорлар кеңесінің сандық құрамын өзгерту туралы; - Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау және Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін анықтау туралы; - Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу көлемі мен шарттары және Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін шығын төлемақысын төлеу туралы; - компанияның жарғысына қол қою және мемелкеттік тіркеуге уәкілеттік берілген, жаңа редакцияда бекіту туралы. Аталмыш жиналыс: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, жаңа ет комбинаты ауданы, 30 үй. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 11:00-ден басталады. Аталмыш жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2013 жылдың 19 тамызындағы жағдай бойынша жасалған. Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2013 жылдың 21 қыркүйегінде жоғарыда аталған мекен-жайда өтеді. Акционерлер жиналыстың материалдарымен 2013 жылдың 09 қыркүйегінен бастап компанияның атқарушы органы орналасқан жерде таныса алады. [2013-08-21]