"КазТрансОйл" АҚ (Қазақстан) 2013 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындысын хабарлады

19.08.13 16:53
/KASE, 19.08.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "КазТрансОйл" АҚ (Астана) биржаға (KASE) 2013 жылдың 19 тамызында төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «ҚазТрансОйл» АҚ 2013 жылдың бірінші жарты жылдығына қаржы- экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметі бойынша алдын-ала қорытындысы туралы жұртшылыққа айтып білдіреді. Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және айдаудың көлемі 26 млн. 198 мың тоннаны құрады, бұл бірінші жарты жылдықтағы жоспармен 2%-ға жоғары және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 1% төмен. Сонымен қоса шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 32 млн. 681 мың тоннаны құрады, жоспарлы межеден 3% және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас нәтижесінен 2% жоғары.Мұнайдың айналымы бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 18 млрд. 334 млн. тонна-километрді құрады, бұл жоспарлы межеден 12% және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 10% жоғары. Ал шоғырландырылған айналымы 22 млрд. 510 млн. тонна-километрді құрады, бұл жоспарлы межеден 10% және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 11% жоғары. Есеп беру кезеңі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 11 млн. 237 мың текше метр болды, бұл жоспарлы межеден 9% және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 2% жоғары. 2013 жылдың бірінші жарты жылдықтағы негізгі қызметтен түскен бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша кіріс көлемі 82 млрд. 375 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы межеден 10% және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы көрсеткішінен 44% жоғары. цитата соңы Осы хабарламаның толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - орыс тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_190813.pdf; - ағылшын тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_190813_e.pdf танысуға болады. [2013-08-19]