18 тамызда KASE өзінің 20 жылдығына арналған үлкен теннистен турнирдің ашылуы мен басталуы болады

16.08.13 18:51
/KASE, 15.08.13 - 30.07.13 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE 20 жылдығына арналған 2013 жылдың 18 тамызында сағат 09:30-да ашылуы және сағат 10:00-де ойынның басталатынын хабарлайды. Турнирді өткізу мақсаты - Қазақстан Республикасының іскерлік қоғамдастығында биржаны таныту және әртүрлі қаржы ұйымдары, листингтік компаниялар, биржаның акционерлері, мүшелері мен серіктестерінің жұмыстан тыс уақытта қарым-қатынаста болуын ұйымдастыру болып табылады. Турнирге қатысушы командалар екі топқа бөлінген. Турнир екі кезеңмен өткізіледі: алдын ала топтық кезең, шығарытын кезең матчы, оған ақтық матч және үшінші орынға марш. Командалар арасындағы матчтар Дэвис Кубогінің қысқарған нұсқасымен өткізіледі – екі жалғыз ойындар ойналады (команданың бірінші номері - қарсыласының бірінші номерімен, команданың екінші номері – қарсыласының екінші номерімен). Командалар арасында жалғыз ойындар нәтижесі бойынша есеп 1-1 болған жағдайда командалар арасында шешуші тең ойын ойналады. Турнир ойындар сериясы түрінде екі апта бойы өтеді. Ойындар кешкі уақытта өтеді, жартылай финал мен финал – демалыс күндері таңертең мына мекен-жайда өтеді: Алматы қаласы, Коперник көшесі, 128, Горький атындағы ОМжДП паркі. , "Gorky Tennis Park" теннис клубы. Бару сызбасымен http://www.gorky.kz/#/contacts мекен-жайында танысуға болады. Турнирге ӘШД (әуесқойлық деңгейі) шкаласы бойынша 6-10 әуесқойлық деңгейі бар ойыншылар қатыса алады. Турнирге қатысушы командалар: 1.KASE 2.Halyk Finance 3.Халық ЖЗҚ 4.АФК – Экология 5.БТА United 6.Астана ЖЗҚ 7.Альянс Банк 8.Қазақстан Қағазы 9.Казкоммерцбанк Турнирді өткізу тәртібі мен шарты "Қазақстан қор биржасы" АҚ 20 жылдығына арналған үлкен теннистен турнир өткізу туралы Ережемен анықталған. Аталмыш Ереженің мәтіні KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/kase_cup_tennis.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2013-08-16]