15 тамыз күні биржада өткен "Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) KZP04Y07C362 (KZ2C00001642, TSBNb10) облигациясын кері сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық жүзеге аспады деп жарияланды

15.08.13 18:04
/KASE, 15.08.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда -саттық жүйесінде "Цеснабанк" АҚ (Астана) KZP04Y07C362 (KZ2C00001642, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, SBNb10; 1 теңге, 4,5 млрд теңге; 30.06.11 – 30.06.18; жарты жылдық купон, жылдық 8,00 %, 30/360) субординацияланған облигацияларымен сауда- саттықтар өткізілді. Сауда-саттыққа сатушы ретінде Цесна Капитал" АҚ (Алматы) қатысады. Орналастырудың жарияланған көлемі 500 000 000 KZP04Y07C362 облигация (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санынан 11,1 %). Сауда-саттық заты, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза бағасы" болды. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін қабылданды. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең бағалары бойынша. Есеп айырысу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа қарама-қарсы өтінімдер болмағандықтан, арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар жүзеге аспады деп танылып, жарияланды. [2013-08-15]