15 тамыз күні Қазақстан қор биржасында "Цеснабанк" (Қазақстан) өзінің 3,4 млрд KZP10Y03E083 (KZ2C00002087; TSBNb18) облигациясын жылдық 8,00% орналастырды

15.08.13 17:30
/KASE, 15.06.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "Цеснабанк" (Астана) субординацияланған KZP10Y03E083 (KZ2C00002087, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TSBNb18; 1 тенге, 10,0 млрд тенге; 04.06.13 – 04.06.16; жарты жылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Аталмыш облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2011 жылдың 10 тамызда 100,0 млрд теңге сомасына тіркеген, "Цеснабанк" АҚ екінші облигациялық бағдарламасының аясында үшінші және эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигацияларының он төртінші шығарылымы болып табылады. Эмитент сауда-саттықта KZP10Y03E083 8 000 000 000 облигациясын орналастыруды жоспарлаған (тіркелген облигацияларының жалпы көлемінен 80,0 %). Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша немесе сатушыға ұтымдырақ болып табылатын өтінім бағасымен. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты, олар үш өтінім берді, солардың ішінде 3 өтінім 3 447 262 800 облигация сатып алуға берілген өтінімдер өтінімдер қабылдау кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 69 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 99,9813 % (8,00 % жылдық) және 99,9799 % (8,0006 % жылдық) тең болды. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 99,97 % зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне, 0,03 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесінде болды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ мәліметтері бойынша осы ақпарат жарияланған сәтте барлық мәмілелер орындалды. Орналастырылған облигациялардың жалпы көлемінен зейнетақы нарығы субъектілерінен 99,9813 %, сатып алушылар үшін облигацияны өтеу табыстылығы жылдық 8,00 % көлемінде және зейнетақы нарығы субъектілерінің екі өтінімін 3 446 262 800 облигацияларды орналастырды. Тарту сомасы 3 499 992 717,48 теңгені құрады. [2013-08-15]