Бүгін Қазақстан қор биржасында "Цеснабанк" АҚ KZP10Y03E083 (KZ2C00002087; TSBNb18), KZP11Y05E086 (KZ2C00002095; TSBNb19) және KZP12Y10E084 (KZ2C00002103; TSBNb20) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

15.08.13 09:23
/KASE, 15.08.13/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Цеснабанк" АҚ (Астана) келесі облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі: –KZP10Y03E083 (KZ2C00002087; TSBNb18, 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 04.06.13 – 04.06.20; жарты жылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигация; –KZP11Y05E086 (KZ2C00002095; TSBNb19, 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 04.06.13 – 04.06.20; жарты жылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигация; –KZP12Y10E084 (KZ2C00002103; TSBNb20, 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 04.06.13 – 04.06.20; жарты жылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигация; Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингтік бағалауы бар боырштық бағалы қағаздар" санатына енгізілген. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Еуразиялық даму банкінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен 2011 жылдың 10 тамызында 100,0 млрд теңге сомасына тіркеген, үшінші облигациялық бағдарламасының алтыншы шығарылымы болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы "Цесна Капитал" (Астана) қатысады. Эмитент сауда-саттыққа төмендегі облигацияларды орналастыруды жоспарлап отыр: –KZP10Y03E083 (KZ2C00002087; TSBNb18) (тіркелген облигациялардың жалпы көлемінен 80,0 %) 8 000 000 000 облигация; –KZP11Y05E086 (KZ2C00002095; TSBNb19) (тіркелген облигациялардың жалпы көлемінен 97,5 %) 9 750 000 000 облигаций); –KZP12Y10E084 (KZ2C00002103; TSBNb20) (тіркелген облигациялардың жалпы көлемі), 10 000 000 000 облигация. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін Debts_List_ST1 (Rated_ST1 тобы) секторында өткізіледі. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 16:00- ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамындағы корреспондеттік есеп-шотында 16:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, нарықтық және шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза бағасы" белгіленуі тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санынан көрсетілген, облигациялардың "таза емес" бағасы көрсетілуі тиіс. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-08-15]