"АТФ Финанс" АҚ "AsiaCredit Bank" АҚ (АзияКредит Банк) (Қазақстан) қаржы жағдайына талдау нәтижелері мен шектеулердің (ковенант) 2013 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайына орындалуы туралы хабарлады

14.08.13 12:59
/KASE, 14.08.2013/ – "AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) (Алматы) KZP01Y07D887 (KZ2C00001766; KASE ресми тізімі, "рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, LARIb2; 1 теңге, 10,0 млрд теңге; 16.07.12 – 16.07.19, жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %, 30/360) облигацияларын ұстаушы өкілі болып табылатын "АТФБанк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы – "АТФ Финанс" АҚ (Алматы, тақырыптамада – "АТФ Финанс" АҚ) 2013 жылдың 01 сәуіріне "AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ қаржылық жағдайына талдау және "AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ шектеулер туралы есебін (ковенант) ұсынды. Аталмыш есептермен KASE веб-сайтында: - Қаржы жағдайына талдау нәтижелері туралы есеп – http://www.kase.kz/files/emitters/LARI/lari_otchet_010413.pdf; - Шектеулер туралы есеп (ковенант) – http://www.kase.kz/files/emitters/LARI/lari_kovenant_010413.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2013-08-14]