"Матен Петролеум" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің 2013 жылдың 09 тамыздағы шешімі туралы хабарлады

14.08.13 12:06
/KASE, 14.08.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Матен Петролеум" АҚ (Алматы) биржаға (KASE), 2013 жылдың 13 тамызында баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Матен Петролеум" АҚ (одан әрі - "Қоғам") Қоғамның Директорлар кеңесі 2013 жылдың 09 тамызында төмендегі шешім қабылданғаны туралы хабарлады: 1. 2013 жылдың 09 тамызында сағат 11 00 минутта Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы келесі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қарауға және шешім қабылдауға шешті: 1) 2012 жылға арналған жұмыс қорытындысы бойынша қалған табыстың бөлінбеген бөлігін бөлісу. 2) 2012 жылға бір жай акцияға төленетін дивиденд көлемін анықтау. 3) 2012 жылға дивиденд төлеуді бастау, оның нысаны мен тәртібін анықтау. Байланыс ақпараты: "Матен Петролеум" АҚ, биржамен байланыстағы тұлға Серiк Ержан (+7 7273 52 70 26) Email: info@matenpetroleum.kz цитата соңы [2013-08-14]