ҚҰБ ҚҚК "КазТрансОйл" АҚ (Қазақстан) акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп берушілігін бекітті

08.08.13 12:58
/KASE, 08.08.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2013 жылдың 02 тамызында хабарламасының көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес: - ҚҰБ ҚҚК компания акцияларын орналастыру туралы есеп берушілігін бекітті; - шығарылым 384 635 600 жай акцияларға бөлінді; - компания акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А2995 нөмірімен енгізілді; - 2013 жылдың 26 желтоқсанындағы жағдай бойынша компанияның 384 635 599 жай және 61 937 567 000 артықшылықты акциялары орналастырылды. Аталмыш акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есеп http://www.kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_razm1c_020813.pdf мекен- жайында жарияланды. [2013-08-08]