"Қазақстан даму банкі" АҚ өзінің сукук "аль-Мурабаха" MYBVI1202859 (BRKZs1) ислам облигацияларына қосымша ақы төлегені туралы хабарлады

06.08.13 18:07
/KASE, 06.08.2013/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан даму банкі" АҚ (Астана) биржаға (KASE), ресми хатпен 2013 жылдың 05 тамызында сукук "аль-Мурабаха" MYBVI1202859 (KASE ресми тізімі, "рейтингтік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санаты, BRKZs1; 240,0 млн малазия ринггиттері; 03.08.12 – 03.08.17, кірістілігі жылдық 5,50 %, actual/365) ислам облигациялары бойынша қосымша ақы төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес қосымша ақы 2013 жылдың 04 ақпанынан 05 тамызына дейін 6 581 917,81 малазия ринггиттері түрінде төленді. [2013-08-06]