"AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ (Қазақстан) мүдделі мәміле жасағаны туралы хабарлады

05.08.13 15:50
/KASE, 02.08.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хатпен төмендегіні хабарлады: цитата басы 1) акционерлік қоғам органының мәміле жасау туралы шешім шығарған күні – 2013 жылдың 26 шілдесі. 2) мәміле мәні болып табылатын мүлік құны – 5 000 (бес мың теңге); 3) мәміле мәні болып табылатын мүліктің соңғы бағалау күні – қолданылмайды 4) мәміле мәні болып табылатын мүлік құнының акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы –– 0,000006%. 5) негізгі мәміле жасау шарттары – стандартты шарттармен теңгемен "Тұрақты" депозитін ашу болып табылады.. 6) мәміле жасау күні – 2013 жылдың 30 шілдесі. цитата соңы [2013-08-02]