Шілде айында Биржада акциялармен мәміле жасаған жеке тұлғалардың саны 30,3 % артты

01.08.13 14:58
/KASE, 01.08.2013/ – 2013 жылдың шілде айында Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялармен мәміле жасаған жеке тұлғалардың саны алдыңғы айға қарағанда 30,3 % өсті. Айдың аяғында "бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ (Алматы, одан әрі – ОД) мәліметтері бойынша жеке тұлғалардың атына ашылған жеке шоттардың жалпы саны 55 234 жетті, ол алдыңғы айдың соңына қарағанда 325 артқандығын, ал ағымдағы жылдың басына қарағанда 2 928 артқандығын көрсетеді. Төменде Биржадағы акциялармен сауда-саттыққа қатысушы ОД шот ашқан жеке тұлғалардың санының өсу қарқыны туралы ақпарат берілген. Ақпарат айдың соңында нәтижелер бойынша ұсынылған. ----------------------------------------------------------------------------- ОД шоттары Мәмілелер саны* Брутто-айналым, Жалпы 2013 жылдың айлары млрд теңге* брутто айналымдағы, %* ------------------ ---------- --------------- --------------- --------------- қаңтар 52 231 1 096 8,0 48,3 ақпан 52 371 954 3,1 47,9 наурыз 52 706 662 2,1 38,5 сәуір 53 312 839 15,6 43,8 мамыр 54 369 726 2,5 52,3 маусым 54 909 795 3,8 44,8 шілде 55 234 1 036 3,2 32,6 ----------------------------------------------------------------------------- *арнайы мамандандырылған сауда-саттықты есептемегенде. [2013-08-01]