01 тамыздан бастап "Атамекен-Агро" АҚ (Қазақстан) KZ1C57070019 (KZ1C00000025, KATR) жай және KZ1P57070115 (KZ1P00000038, KATRp) артықшылықты акциялары екінші санаттан KASE ресми тізімінің үшінші санатына ауыстырылды

31.07.13 17:59
/KASE, 31.07.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының шешімімен 2013 жылдың 01 тамызызынан бастап "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау) KZ1C57070019 (KZ1C00000025, KATR) жай және KZ1P57070115 (KZ1P00000038, KATRp) артықшылықты акциялары екінші санаттан KASE ресми тізімінің үшінші санатына ауыстырылды. "Атамекен-Агро" АҚ 2013 жылдың 10 шілдедегі KASE тексеру қорытындысы бойынша Алматы қаласы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі Төрағасының "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңының тізіміне кіргізілетін немесе кіргізілген бағалы қағаздардың эмитенттеріне, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар туралы" 2008 жылдың 08 мамырындағы # 04.2-09/119 бұйрығының Қосымшасы талаптарын және екінші санаттағы акциялардың маркет-мейкері болмағандықтан листинг талаптарына сәйкессіздігі анықталды. 2012 жылдың 21 желтоқсандағы жағдай бойынша аталмыш акцияларда маркет-мейкер жоқ, ол аталған Қосымшаның 5 тармағы 9) тармақшасының талаптарына сәйкес келмейді. Жоғарыда баяндалған жайлар негізінде және Листингілік комиссияның KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 16 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес аталмыш акциялар маркет-мейкер болуын талап етпейтін KASE ресми тізімінің екінші санатынан үшінші санатына ауыстырылды. Аталған акциялар KASE ресми тізімінің екінші санатына 2008 жылдың 09 желтоқсанына бастап ауыстырылды. "Атамекен-Агро" АҚжай акцияларының сауда-саттығы 2009 жылдың 05 ақпанынан, артықшылықты акцияларымен 2009 жылдың 04 ақпанынан бастап ашылды. [2013-07-31]