"Қазақстан Ипотекалық компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ (Қазақстан) биржада 30 шілдеде өзінің 21,6 млрд KZ2C0Y05E529 (KZ2C00002152, KZIKb26) облигацияларын орналастыру туралы хабарлады
31.07.13 16:31
/KASE, 31.07.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми
тізімінде тұрған (KASE) "Қазақстан Ипотекалық компаниясы"
Ипотекалық ұйымы" АҚ (Алматы) биржаға (KASE) 2013 жылдың 30
шілдесінде баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
"Қазақстан Ипотекалық компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ (одан әрі
– Комапния) 2013 жылдың 30 шілдесінде "Қазақстан қор биржасы" АҚ
сауда-саттық алаңы арқылы Компания АҚШ долларына теңге
девальвациясы деңгейі бойынша индекстелген купондық
облигацияларының 14-ші шығарылымын алғашқы орналастыруды жүзеге
асырды ("Рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты,
(KZ2C0Y05E529 ҰСН, айналым кезеңі 26.07.2018 – 08.08.2018 ж., купондық
мөлшерлеме – тұрақталған 6,0%) жалпы номиналдық көлемі 21 614 660 000
теңге. Өтеу кезіндегі табыстылығы жылдық 6,0% құрады.
Аталмыш облигацияларды орналастырудан түскен қаржы екінші деңгейдегі
банктерден АҚШ долларымен номинацияланбаған ипотекалық қарыз
бойынша талап құқықтарын сатып алуды қаржыландыруға жұмсалады.
Аталмыш облигацияларды орналастыру андеррайтері ретінде "Halyk
Finance” АҚ қатысты.
"Қазақстан Ипотекалық компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ
Жарнама және қоғамдық байланыс басқармасы"
Тел: +7 (727) 344-12-22 (вн. 141)
Сот.: +7 (777) 22 777 23
press@kmc.kz
цитата соңы
[2013-07-31]