"AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ (Қазақстан) мүдделі мәміле жасағаны туралы хабарлады

31.07.13 12:10
/KASE, 31.07.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хатпен төмендегіні хабарлады: цитата басы 1) акционерлік қоғам органының мәміле жасау туралы шешім шығарған күні – 2013 жылдың 26 шілдесі. 2) мәміле мәні болып табылатын мүлік құны – 14 564 046 (он төрт миллион бес жүз алпыс төрт мың қырық алты) теңге; 3) мәміле мәні болып табылатын мүліктің соңғы бағалау күні – қолданылмайды 4) мәміле мәні болып табылатын мүлік құнының акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы –– 0,017%. 5) негізгі мәміле жасау шарттары – ипотекалық қарыз ұсыну. 6) мәміле жасау күні – 2013 жылдың 30 шілдесінде мәміле жасалған жоқ. цитата соңы [2013-07-31]