"Қазақстан Даму банкі" АҚ (Қазақстан) мүдделі мәміле жасағаны туралы хабарлады

25.07.13 16:58
/KASE, 25.07.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму банкі" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хатпен төмендегіні хабарлады: цитата басы 1) акционерлік қоғам органының мәміле жасау туралы шешім шығарған күні – Банктің Директорлар кеңесінің 2013 жылдың 04 шілдесі №142 хаттама. 2) 01.05.2013 жылы мәміле мәні болып табылатын мүлік құны – 151 070 608 мың теңге.сонымен қатар, жүйеден тыс аударылған тұрақсыздықтар үшін (айыппұл, өсімақы) талап ету құқықтары беріледі. 3) мәміле мәні болып табылатын мүліктің соңғы бағалау күні – қолданылмайды 4) мәміле мәні болып табылатын мүлік құнының акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы –15%; 5) негізгі мәміле жасау шарттары – стандартты түрде. 6) мәміле жасау күні –хабарлама берілген сәтте жасалмаған. цитата соңы Банктің Директорлар кеңесінің 2013 жылдың 04 шілдедегі жиналыс хаттамасынан үзіндісі KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_resh_190713.pdf мекен-жайында жарияланды. [2013-07-25]