"НГСК ҚазСтрайСервис" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP01Y03E264 (KZ2C00001774, KASSb2) облигациялары бойынша екінші купонын төлегені туралы хабарлады

25.07.13 12:55
/KASE, 25.07.13/ – "НГСК ҚазСтрайСервис" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған ресми хатында 2013 жылдың 19 шілдесінде өзінің KZP01Y03E264 (KZ2C00001774, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KASSb2) облигациялары бойынша екінші купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 452 359 600 теңгені құрады. [2013-07-25]