"Самұрық-Энерго" АҚ (Қазақстан) 2013 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындылары туралы хабарлады

25.07.13 12:02
/KASE, 25.07.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) биржаға (KASE), 2013 жылдың 24 шілдесіндегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Самұрық-Энерго" АҚ 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында электр энергетикалық және көмір саласындағы жұмысы компанияның даму жоспары аясында жүзеге асырылды. Электр энергиясының көлемі 14 591 млн. кВт.ч. құрады, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9 есе көп. Ағымдағы жылдың 6 айында электр энергиясын беру көлемі 6011 млн. кВт.ч.құрады, ол 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығына қарағанда 1,42 есе артқан. "Богатырь Комир" ЖШС көмір өндіру көлемі есептік кезеңде 19,6 млн. тоннаны құрады немесе аталмыш көрсеткіштің 90%. Бұл РФ көмір экспортының азаюынан болып отыр. Жалпы алғанда, компанияның 2013 жылдың қаңтар-маусым айларындағы шоғырландырылған табысы 72672 млн. теңгені құрады немесе бекітілген жоспар 100% орындалды. Есепті кезеідегі компанияның табысы 23872 млн. теңгені құрады, ол жоспарға сәйкес. "Самұрық-Энерго" АҚ (7172) 55-30-62 o.karpishev@samruk-energy.kz цитата соңы [2013-07-25]