"SAT & Company" АҚ Директорлар кеңесі өзінің 12,0 млн KZ1P54620110 (KZ1P00000566, SATCp) 74,2 млн. жай акцияларын, бір акцияға 32,5 теңгеден орналастыру туралы шешім қабылдады
23.07.13 15:06
/KASE, 23.07.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "SAT & Company" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған
ресми хатында былай деп хабарлады:
цитата басы
Директорлар кеңесі 2013 жылдың 16 шілдесінде, жалпы саны 74 179 605
дана, KZ1С54620014 жай акцияларын, акционерлердің артықшылықты
сатып алу құқығын іске асыруын есепке ала отырып, орналастыру туралы
шешім қабылдады.
Қоғамның акцияларын орналстыру тәртібі мен шарттары Қазақстан
Республикасынгың заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Орналастырылған акциялар туралы ақпараттар:
- орналастырылған акциялардың саны мен түрлері:
11 975 146 (он бір миллион тоғыз жүз жетпіс бес мың жүз қырық алты)
дана артықшылықты акция;
- артықшылықты акциялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізіміне бірінші санатқа енгізілген;
- орналастырылған акциялар санының орналастырылған бағалы қағаздар
санына қатынасы (қоғам сатып алғанды қоспағанда) 389 192 270 (үш жүз
сексен тоғыз миллион жүз тоқсан екі мың екі жүз жетпіс) дана
орналастырылған артықшылықты акциялар/ 11 975 146 (он бір миллион
тоғыз жүз жетпіс бес мың жүз қырық алты) дана орналастырылған
акциялар немесе 32,5
- қоғамның Директорлар кеңесі белгілеген орналастыру бағасы:
бір акцияға 32,5 (отыз екі теңге елу тиын);
Орналастырылған артықшылықты акцияларды сатып алуға құқығы бар
акционерлердің тізімін 2013 жылдың 16 шілдесіндегі жағдай бойынша
қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылар жүйесінің мәліметтері негізінде
Қоғам тіркеушісі жасаған.
Компания акционерлері артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес
акцияларды сатып алуға өтінім бере алатын мерзімі осы ақпарат бұқаралық
ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 30 күннің ішінде бере
алады.
Акционерлер акцияларын сатып алуға жазбаша өтінімдерді Қоғамның
атқарушы органы кеңсесінде: Алматы қ., Мұқанов көш., 241, Заң
департаменті мекен-жайы бойынша, тел. (727) 2 777 111, (ішкі. 272, 271)
беруге құқылы.
Корпоративтік хатшысы - Тюфякова Светлана.
цитата соңы
[2013-07-23]