"Каспий нефть" АҚ (Қазақстан) өзінің 2012 жылға KZ1C28830012 (KZ1C00000694, KSNF) акциялары бойынша екінші транш төлеуі туралы хабарлады

22.07.13 16:28
/KASE, 22.07.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Каспий нефть" АҚ (Атырау) биржаға (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: цитата басы Precious Oil Products Investments B.V.компаниясының шешімімен, "Каспий нефть" АҚ жалғыз акционері (одан әрі – қоғам) 2013 жылдың 10 маусымында Қоғамның 2013 жылдың қорытындысы бойынша 46 230 000 АҚШ доллары көлемінде акциялары бойынша дивиденд төлегені туралы хабарлады. Қоғамның жалғыз акционерінің 2012 жылдың 12 желтоқсандағы шешіміне сәйкес 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына дивиденд төлеуге 50 000 000 АҚШ доллары көлемінде жіберілді. 2012 жылдың қорытындысы бойынша 1 жай акцияға 4 623 АҚШ долларын құрады. Дивиденд төлеу үш траншпен төленеді: 1) 17 500 000 АҚШ доллары - мерзімі 17.06.2013 жыл; 2) 11 230 000 АҚШ доллары - мерзімі 15.07.2013 жыл; 3) 17 500 000 АҚШ доллары - мерзімі 16.09.2013 жылға дейін. 2013 жылдың 14 маусымында бірінші транш – 17 500 000 АҚШ доллары төленді. 2013 жылдың 11 шілдесінде екінші транш – 11 230 000 АҚШ доллары төленді. цитата соңы [2013-07-22]